jasqazaq.kz

Елордада алимент төлемеген борышкер пәтерін баласына берді

15 сәуiр 2021, 17:59

Елордада алимент төлемеген борышкер өз баласына пәтерін жазып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы 19 наурызда А. есімді азаматтан К. есімді азаматшаның пайдасына жалақының және өзге де табыстың 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс қозғалды. 2020 жылдың 1 шілдесіндегі берешек 3 406 648 теңгені құрады. Қарызды өтеу есебіне биылғы жылдың сәуір айында борышкер өндіріп алушының меншігіне Ақтөбе қаласының Астана аудандағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан бір бөлмелі пәтерді берді», — деді Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева. Мадина Жанасаеваның айтуынша, өндіріп алушы алименттен бас тартқан жоқ, борышкер кез келген жағдайда бала кәмелет жасына толғанға дейін алимент төлеуді жалғастыратын болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде