jasqazaq.kz

Кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға көмектескен топ ұсталды

15 сәуiр 2021, 11:15

авлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 500 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Павлодар облысында 4 жылдан астам «өзара есеп айырысу» туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз жазып берумен айналысқан қылмыстық топтың қызметінің жолы кесілді.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің деректері бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ контрагент кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен.

Нәтижесінде мемлекетке 500 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Павлодар қалалық сотының үкімімен күдіктілер жалған шот-фактураларды жазу бойынша іс-әрекеттер жасауда кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан, 5 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде