jasqazaq.kz

Павлодар облысында майнингтік компанияда өрт шықты (видео)

14 сәуiр 2021, 15:55

Павлодар облысында майнингтік компанияда өрт шықты. Жалын тілі 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Майнинг жабдықтары және қабырға қаптамасы жанды.

«13 сәуір күні сағат 15:01-де Екібастұз аймағындағы Солнечный ауылында «BTC-KZ» ЖШС-дегі (№2 арнайы мамандандырылған өрт бөлімшесінен 40 шақырым жерде) өрт туралы хабар түсті. Майнингтік компания аумағында майнингке арналған жабдықтардың және қабырға қаптамасының тұтануы 150 шаршы шақырым жерді алды», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Өңірдің ТЖД баспасөз қызметі кәсіпорындағы өрттің сағат 17:35-те сөндірілгенін айтты. Болған оқиғаның себебі мен келтірген залалы анықталып жатыр. «Өртті ауыздықтауға CҚО ТЖД-нің жеке құрамының 14 қызметкері мен үш техникасы тартылды», — деп қосты департаменттен.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде