
Алматыда жеке меншік секторда өрт болды.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бүгін түскі уақытта болған. «Сағат шамамен 12.09-да өртсөндірушілер шақыртуға шықты. Олар келгенде жер үйдің жанып жатқаны белгілі болды. Оттың таралу қаупі болған жоқ. Алайда өрт сөндіру жұмыстарын металл шатырға құлаған электр сымдары қиындатты. Өртсөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып әрекет етті», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі . Апаттық бригада нысанды электр желісінен ажыратып, қуаты 380 вольт сымдарды кесіп тастады. Өрт сағат 12.33-те ауыздықталып, 12.56-да сөндірілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ҚазАқпарат