jasqazaq.kz

Еркеш Шәкеев баласының неден қаза болғанын айтып берді

06 қыркүйек 2016, 16:55

 

78321_b0

Жақында ұлынан айырылып, қайғы жұтқан композитор Еркеш Шәкеев қасында өз отбасын қолдайтын адамдардың барын, сонымен қатар „білдіртпей шалып қалып„ одан сайын жүрегін ауыртқысы келетін адамдардың да барын айтады.

 

Facebook-тегі жеке парақшасында Еркеш Шакеев өзіне қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргендердің барлығына алғыс айтты, ал өзіне деген ниеті бұзық адамдарды бетпе-бет кездесуге шақырды.

„Әр жылы сөздеріңізбен мені, менің отбасымды жылыттыңыздар, бұл біздің басымызды біріктіріп, тұтастырды. Жаныңа жақыныңды жоғалтып, өмір сүрудің өзі қандай қиын. Мен ақ жүректеріңізге, біздің отбасының қайғысымен бөліскен таза ниеттеріңізге тәнтімін„ деп жазды Шәкеев.

Сонымен қатар ол осындай қиын-қыстау кезінде де өзін білдіртпей шалып, сынап-мінегісі келетіндерге де қаратып сөз айтты.

„Оларға айтарым: кез келген импульсивтік әрекеттің кері айналып келетінін ойланып көріңіздерші, ондайда Сіздер мына бейшара қалыптарыңызбен сыртқы әлемнің қысымының бір пайызын да көтере алмайтындарыңызға сенімдімін. Сондықтан өздеріңізді, өздеріңіздің туған-туыстарыңызды аялаңыздар, олар тіпті Сіз секілділерді де жақсы көретін болуы керек. Әрине, оңбаған болу оңай емес шығар, менің Сіздерге шынымен де ішім ашиды. Мені байқатпай қағытып, шамасы келсе құлатып салғысы келетіндерді еркек құсап көзбе-көз сөйлесуге шақырамын. Уақыт табуға тырысамын, қазір менде уақыт көп„ деп жазады танымал композитор.

Әлихан Алтынбековтің қойған сауалына берген жауабында Еркеш Шәкеев баласының оқыс оқиғадан қаза болғанын айтады:

„… Есентай өзенінің дамбасындағы шлюзға тым жақындап кеткен. Ол арада жар опырылып кеткеніне сенімдімін. Өйткені оны соңғы рет көрген жерде, өзен жағасының топырағы жоқ. Бір куәгер оның судың шетіне келіп, бетін жуғанын айтты. Ал ол арадан қазір суға қолыңыз жетпейді…„

Еркеш Шәкеев Сафар туралы фильмді өзінің екі досымен түсіргенін айтады. Ол баласының туған күнін атап өткісі келген және баласын іздеуге ерік танытқан адамдарға арналған.

„25 жасқа толық толмаса да ол өз елін сыртта танытып үлгерді. Мүмкін Сіздер де балаларыңыздың туған күніне фильм түсірерсіздер. Бұл сіздің махаббатыңыздың белгісі болады. Барлық адамдарға шын жүректен сәттілік тілеп, өз бақытыңызды құруды ұмытпаңыздар дегім келеді. Маған тамаша бала сыйлап, оның бақытына бөленуге мүмкіндік берген Алла nағалаға мың да бір рахмет! Бір-біріңізді қадірлеңіздер!„ деп жазбасын түйіндейді Шәкеев.

 

365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде