jasqazaq.kz

Екі көліктен 364 дана киік мүйізі тәркіленді

11 ақпан 2021, 14:38

Атыраулық полицейлер 364 дана киік мүйізін тәркіледі.

6 ақпан күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Атырау қаласындағы Геолог ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жергілікті тұрғындарға тиесілі екі көлік ішінен барлығы 364 дана киік мүйізін тауып, тәркіледі. “ВАЗ-21014” автокөліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы “ТОЗ-16” маркалы аңшы мылтығы табылды. Ал екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен рұқсат құжаттары жоқ 4,5 калибрлі “Байкал МР-512” маркалы қару тәркіленді.

Қазіргі таңда Исатай ауданы мен Атырау қаласының 23 жастағы екі тұрғына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде