jasqazaq.kz

Талғар ауданы әкімінің неге ұсталғаны белгілі болды

09 ақпан 2021, 17:44

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданы әкімінің ұсталуына қатысты жай-жапсарды жария етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ведомтсваның хабарлауынша, 24 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті әкім Серікжан Ерекешев пен әкімдіктің лауазымды адамдарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2 және 4-тармақтары, яғни «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының бірнеше рет ірі мөлшерде ақша түрінде пара алуы» бойынша жүргізіліп жатыр, делінген редакцияның ресми сауалына прокуратураның берген жауабында.
26 қаңтарда Іле аудандық сотының тергеу судьясының шешімімен Ерекешев екі айға қамауға алынды.

Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды, деп толықтырды прокуратурағылар.
Бір апта бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімнің ұсталғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде