jasqazaq.kz

«Талып қалғаным жоқ»: Вакцина алған медбике видеоүндеу жариялады

04 ақпан 2021, 16:42

Талдықорған қаласында вакцинациядан кейін есінен таңып қалды делінген медбике видеоүндеу жариялады.

«Облыстық аурухананың инфекциялық бөлімінің медбикесімін. Кеше №2 емханаға COVID -19-ға қарсы вакцина алуға бардық. Вакцина алар алдында уайымдағаннан кейін жүрегімнің соғысы қатты болып, сол жерде маған алғашқы көмек көрсетілді. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жағдайым жақсарып үйге қайттым. Ал Instagram-желісінде мені «сол жерде талып қалыпты», мені «жансақтау бөліміне алып кетіпті» деген ақпараттың бәрі жалған екендігін айтқым келеді», — деді видео авторы.

Сондай-ақ, медбике бейнежазбада өзінің жұмыста отырғанын және жағдайы жақсы екенін жеткізеді.

«Үш аптадан кейін келесі вакцинамды алуға дайынмын», — дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Талдықорғанда вакцина алған медбикенің есінен таңып қалғандығы жөнінде ақпарат жарияланған болатын. Ал Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Әубәкірова тұрғындардан тек ресми деректердің ақпаратына жүгінуге шақырды.

https://youtu.be/zXo7JHVSxRk

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде