jasqazaq.kz

Сириядан бір топ қазақстандық азамат отанына оралды

04 ақпан 2021, 13:02

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып АҚШ және өзге де халықаралық серіктестердің қолдауымен Сириядан бір топ қазақстандық азаматтарды елге қайтару операциясын өткізді.

Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 бала болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясы Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған «Жусан» операциясының жалғасы болды.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде