jasqazaq.kz

Вакцина салдыруға медицина қызметкелерін мәжбүрлегені рас па? (видео)

03 ақпан 2021, 22:07

Желіде медицина қызметкерлерін вакцина салуға мәжбүрледі деген видео тарады. Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Видео Tarazpost парақшасында жарияланды. Кадрларда маска таққан әйел медицина қызметкерлеріне вакцина салдырмаса жұмыстан ауысатынын айтады. Ал олар Мемлекет басшысының вакцинация ерікті болады деген сөзін келтіреді.

«Біз сендерді шеттетеміз, себебі сендер алғы шепте жүрсіңдер. Тағы айтамын, бәрібір шеттетілесіңдер, жедел жәрдем қызметінде жұмыс істей алмайсыңдар», — дейді видеодағы әйел.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от   — Ақпарат агенттігі (@tarazpost)

Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар видеоға түсінік берді. Ведомство мәліметінше, роликтегі № 2 қалалық емхананың жедел жәрдем бөлімінің жүргізушілері. Олар шынымен 2 ақпанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинадан бас тартуға «ниет білдірген».

«Жүргізушілермен бас дәрігердің орынбасары Рабиға Багишева кездесті, ол вакцинацияның қажет екенін түсіндірді, өйткені олар «қызыл аймақта» жұмыс істейді, тұрғындармен күнделікті байланыста болады. Вакцинация қызметкерлердің қауіпсіздігі мен COVID-19-дың одан әрі таралуының алдын алу үшін қажет. Ол жүргізушілер вакцинациядан бас тартқан жағдайда коронавирус жұқтырудың ықтималдығы жоғары екенін түсіндірді. Осыған байланысты вакцина алмаған жүргізушілер жұмыс орны мен жалақысы сақтала отырып, «жасыл аймаққа» ауыстырылады. Қызметкерлерді жұмыстан босату туралы ешқандай қысым болған жоқ», — дейді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Ведомстводағылар Тараз қаласының №2 емханасының қалған тоғыз жүргізушісі коронавирусқа қарсы вакцинаны өз еркімен алғанын атап өтті. Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы медицина мекемелерінің басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізетіні хабарланды.

Еске салайық, 26 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинация екпе салынатын адам қажет ақпаратты алғаннан кейін ғана еркін түрде салынатынын айтқан болатын.

«Қазақстанның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің 77-бабына сәйкес ҚР азаматтары вакцинациядан бас тартуға құқылы», — деді ДСМ өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер «вакцина еркін түрде жүргізілетіндіктен екпеден бас тартқан жағдайда ештеңе болмайтынын» айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде