jasqazaq.kz

Жүргізушілердің құжатсыз жүруіне рұқсат беретін заңға қол қойылды

01 ақпан 2021, 13:45

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы jasqazaq.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қаңтар айында Сенат жол қозғалысы мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді қабылдады. Заң жобасы қолданыстағы заңдардан Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралының тіркеу туралы куәлігін өзімен бірге алып жүруді міндеттейтін норманы алып тастауды көздейді.

Полиция қызметкері тоқтатқан жағдайда жүргізуші тек жеке куәлігін ғана көрсете алады, жеке куәлік бойынша полиция қызметкері планшеттің көмегімен қалған құжаттарды өзі тексеретін болады. Сонымен қатар, қолында жүргізуші куәлігі мен көлік құралының тіркеу туралы куәлігі жоқ болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік те жойылды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді