«Барлығы халықтың таңдауына байланысты… Сіздер тыңдарманның талабы қалай екенін білесіздер. Музыканы түсінетін адамдар әнді тыңдайды. Түсінбейтін таяз адамдарға «чип-чиптің» өзі жарай береді. Бірақ мұның бәрі уақытша құбылыс. Нағыз өнер халықтың жүрегінде жылдар бойына сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады».