jasqazaq.kz

Алматыда үй кезегінде тұрған адамды тізімнен заңсыз шығарып жіберген

28 қантар 2021, 10:38

Алматы тұрғынын әлеуметтік үй кезегінен заңсыз шығарып тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық соттың ресми сайтының мәліметінше, Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында Б. атты арызданушының азаматтық ісі қаралған. Ол сотқа мемлекеттік органның тұрғын үйге мұқтаж адамды тіркеуден шығару туралы шешімін заңсыз деп тану және заңбұзушылықтарды жою жөнінде арыз берген. Өтініш арыз берушінің әлеуметтік қорғалатын (толық емес отбасы) санатында тіркелгендігімен және тұрғын үй заңнамасына сәйкес баспана алғанға дейін тіркеуден шығарылмауы тиіс деген уәжіне негізделген. Істі қарау барысында сот материалдық іске тіркелген барлық құжатты зерттеді. Меморганның арызданушыны тіркеуден шығаруына негіз болған заң нормасы ол үйге кезекке тұрғанға дейінгі 12 ай ішінде орынды болған. Сот ұсынылған дәлелдемелерді, істің анықталған нақты мән-жайын бағалап, оларға қолданыстағы заңнаманың нормаларын қолдана отырып, арызданушының талабын қанағаттандырды. Яғни, сот арыз беруші Б-ның дәлелдерін заңды деп таныды, ал мемлекеттік органның тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығару әрекетін заңсыз деп тапты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде