
Денсаулық сақтау министрлігі 21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Еске сала кетсек кеше, яғни 20 қаңтарда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сол күнгі жағдай бойынша «қызыл» аймақта 7 өңір (Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы), ал «сары» аймақта 4 өңір (ШҚО, БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары) тұрғанын мәлім еткен еді.
Бүгінгі матрица Шығыс Қазақстанның «сары» аймақтан шыққанын көрсетіп тұр.
Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан. Ал жалпы Қазақстан халықаралық деңгейде індет қаупі жағынан «сары» аймаққа енгізілген.