jasqazaq.kz

«Гарант 24 ломбард» ісі: 50 күдікті жауапқа тартылды

09 желтоқсан 2020, 15:37

2020 жылдың 13 қарашасында ІІМ жедел-тергеу тобы қаржы пирамидасын құру деректері бойынша «Гарант 24 ломбард» ЖШС, «Еstate ломбард», «Выгодный займ» және «Нұр-Али Капитал» ЖШС басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Tengrinews.kz  хабарлады.

«50 күдікті қылмыстық жауапқа тартылды, олардың 33-не соттың санкциясы бойынша «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы, қалған күдіктілерге қатысты қылмыстардың сипаты мен рөлін ескере отырып, 5 күдіктіге үйқамақ, 12 адамға ешқайда кетпеу туралы шешім тағайындалды. Сонымен қатар, 6 күдікті іздестіріліп жатыр, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды», — делінген полиция хабарламасында.

Күдіктілердің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары (Қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оған басшылық ету), 214-бабы 2-бөлігі (Қылмыстық топ жасаған заңсыз банк қызметі), 262-бабы 1-бөлігі (Ұйымдасқан топ құру, сол сияқты оған басшылық ету), 262-бабы 2-бөлігі (Ұйымдасқан топқа қатысу) және 190-бабы 4-бөлігі (Қылмыстық топ аса ірі мөлшерде жасаған алаяқтық) бойынша қозғалды.

Еске салайық, 21 ақпанда еліміздің бірнеше қаласында «Гарант 24» және «Estate Ломбард» салымшылары компания кеңсесіне жиналып, салған ақшасын қайтап беруді талап еткен болатын.

Полиция «Гарант 24» компаниясына қатысты тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар ломбард иелерінің әрекетінен сан соғып қалған қазақстандықтарға полицияға арыздануға кеңес берді.

Кейін «Гарант 24 Ломбард» және «Выгодный займ» компанияларының басшысы Аслан Мырзабеков шетелде ұсталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде