
Ақтауда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, — деп хабарлайды «Лада».
Бұл сәт видеоға түсіп қалған.
Toyota Fortuner көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында қызды қағып кеткен. Оқиға 2 желтоқсанда кешкі сағат 21.04-те 29-шағын аудандағы 17 үйдің маңында болған.
Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушіге хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылған.