
21 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Орталық сайлау комиссиясына 34 өтініш келіп түскен, оның ішінде: 5 – жеке тұлғалардан, 29 – заңды тұлғалардан, оның ішінде 13 – БАҚ-тан.
Келіп түскен мәселелердің сипаты бойынша өтініштерді келесідей бөліп қарауға болады: 50% (17) – сайлау туралы заңның нормаларын түсіндіру туралы; 17% (6) – сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру туралы; 12% (4) – сайлау заңнамасын және ОСК қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар; 21% (7) – өзге де мәселелер бойынша.
Көрсетілген кезең ішінде келіп түскен 34 өтініштің ішінен: ОСК аппараты 22 өтініш берушіге белгіленген мерзімде толық жауап берген; 4 — Орталық сайлау комиссиясының құзыретіне кірмейтіндіктен, заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдарға қайта жолданды; бір өтініш қайталап берілген өтініш болғандықтан қараусыз қалдырылды; БАҚ-тың екі ақпараттық хабарламасы ОСК сайтында орналастырылды; 5-өтініш қаралуда. Орындалмаған өтініштер жоқ.
Өтініштерді қарау кезінде Орталық сайлау комиссиясы мен ОСК аппараты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңды, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңдарды басшылыққа алады.
Ортсайлауком отырысында сайлау заңнамасын түсіндіру тәртібі қаралды
Сайлау процесіне қатысушылардың құқық нормаларын дұрыс және біркелкі түсінуі және қолдануы мақсатында сайлау науқаны кезеңінде Ортсайлауком мен басқа да органдардың өкілеттіктеріне қатысты заңнаманы түсіндіру бөлігіндегі құқықтық нормалар қаралды.
Конституцияның 72-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беретін жалғыз орган болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру тәртібі «Құқықтық актілер туралы» Заңмен регламенттелген.
Бұл заң түсіндірудің екі нысанын қарастырады: ресми және
бейресми.
Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырады.
Сайлау заңнамасын түсіндіру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларымен де, «Құқықтық актілер туралы» заңның ережелерімен де реттеледі.
ОСК-ның сайлау заңнамасын түсіндіру шеңберінде құқықтық актілер туралы Заң ОСК-ға өзінің нормативтік құқықтық қаулыларын ғана ресми түсіндіру жөніндегі өкілеттіктер береді.
Ұйымдастырушы рөлінде бола отырып, ОСК өзінің нормативтік құқықтық қаулылары бойынша ресми түсіндірме беру үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың позициясын алдын ала сұратуға құқылы.
Бұл ретте ОСК заңдардың, соның ішінде сайлау туралы Конституциялық заңның нормаларына ресми түсіндірме беруге құқылы емес.
Ортсайлаукомның сайлау заңнамасын түсіндіру тәртібі
Өтініш авторлары Орталық сайлау комиссиясына түсініктеме алу үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12-бабының 5) тармақшасында бекітілген Орталық сайлау комиссиясының заңнаманы түсіндіруді ұйымдастыру жөніндегі функцияны басшылыққа алады.
Осы Заңда белгіленген функцияны іске асыруға сүйене отырып, Ортсайлауком мыналарға құқылы:
— сайлау туралы заңнамаға өз бетінше түсініктеме беруге;
— өз бетінше қандай да бір түсіндірулер жасамай, сайлау туралы заңнаманы заң шеңберінде түсіндіруді ұйымдастыруға;
— сайлау заңнамасының жекелеген ережелерін өзге заңдар тұрғысынан түсіндіру үшін басқа мемлекеттік органдарға жүгінуге құқығы бар.
Осы үш аспектіні ескере отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: ОСК сайлау заңнамасын түсіндірудің жалғыз және түпкілікті субъектісі емес, керісінше «үйлестіруші» немесе «ұйымдастырушы» рөлін атқарады.
ОСК-ның сайлау заңнамасын түсіндіру шеңберінде құқықтық актілер туралы Заң ОСК-ға өзінің нормативтік құқықтық қаулыларын ғана ресми түсіндіру жөнінде өкілеттіктер береді.
Ұйымдастырушы рөлінде бола отырып, ОСК өзінің нормативтік құқықтық қаулылары бойынша ресми түсіндірме беру үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың позициясын алдын ала сұратуға құқылы.
Бұл ретте ОСК заңдардың, соның ішінде сайлау туралы Конституциялық заңның нормаларына ресми түсіндірме беруге құқылы емес.
ОСК аппараты өз құзыреті шегінде сайлауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тек нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қатысты бейресми түсініктеме бере алады.
Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын сайлау шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
Азаматтардың алдағы сайлауды әзірлеу мен өткізу туралы толық және дұрыс ақпарат алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ОСК аппараты бейресми түсіндіру құралдары ретінде ақпараттық-түсіндіру материалдарының кешенін (бейне-, аудиороликтер, плакаттар, әдістемелік және басқа да материалдар) әзірледі.
Қазіргі уақытта БАҚ арқылы ақпараттық материалдар кеңінен жарияланып келеді, яғни:
— 6 республикалық телеарналардың эфирінде арнайы әзірленген бейнеролиектер 951-рет жарыққа шықты;
— 5 республикалық радиостанцияда аудиороликтер 813 рет шығарылды, сондай-ақ осы материалдар өңірлік теле және радио арналарда ротация арқылы кеңінен көрсетіліп келеді;
— «Топ-7» рейтингке кіретін 5 республикалық интернет-ресурстардың беттерінде тәулік бойы режимі бойынша Интернет-баннерлер орналастырылып отыр, олардың интернеттегі көрсетілім саны 18 млн. құрап отыр;
– жалпы таралымы 925 мың дананы құрайтын 6 республикалық газетте 12 модуль шығарылып отыр.
Сайлау процесіне қатысушылардың кең ауқымын хабардар етуді, сондай-ақ өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Орталық сайлау комиссиясы отырыстарды онлайн-трансляциялау практикасын енгізді.
Бүгінгі таңда алты отырыс өткізіліп, онда тиісті қаулылар алқалы түрде қабылданды. Бұл қаулылар Ортсайлаукомның интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде ашық қолжетімділікте жедел орналастырылып отыр.
Орталық сайлау комиссиясында сайлау заңнамасын түсіндіру аясында уәкілетті органдардың құзыреттері туралы айтылды
Өз құзыреті шегінде бейресми түсіндіруді «Құқықтық актілер туралы» Заңның 60-бабына сәйкес мемлекеттік саясат жүргізетін, белгілі бір салада реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын немесе құзыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқызылған мемлекеттік органдар бере алады.
Сайлау туралы Конституциялық заңның, құқықтық актілер туралы Заңның және өзге де салалық заңдардың құқық қолданылуы мен орындалуы өз құзыреті мен өкілеттігі бойынша бейресми түсіндірудің мынадай субъектілерін бөліп көрсетеді:
— Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның ҚСжАЕК партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру мәселелерін түсіндіруге қатысады;
— Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс органдары мүдделі тұлғалар оларға жүгінген кезде салық заңнамасын, оның ішінде кандидаттардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну туралы нормаларды қолдану бөлігінде түсіндіреді;
— Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сайлау науқаны кезіндегі БАҚ қызметінің мәселелерін, оның ішінде сайлау алдындағы үгіт мәселелерін, сондай-ақ саяси партиялардың қызметі саласындағы мәселелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп түсіндіреді;
— Ішкі істер министрлігі сайлаушылардың тізімдерін қалыптастыру кезінде жергілікті атқарушы органдар пайдаланатын ЖТМДБ (жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қоры) қалыптастыру жөніндегі уәкілетті орган ретінде және ішкі көші-қон мәселелерін реттейтін және сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін орган ретінде көрсетілген мәселелерді түсіндіруге қатысады;
— Қорғаныс, сыртқы істер, ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті сайлау учаскелері, құрылған әскер бөлімдері, демалыс үйлері, санаторийлер, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелері, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторлары, сондай-ақ Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіруге қатысады;
— жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін қалыптастыру және учаскелік сайлау комиссияларына ұсыну, сондай-ақ үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын анықтау мәселелерін түсіндіреді.
Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқаны кезінде БАҚ-тың жүгіну тәртібін түсіндірді
Яғни, «БАҚ туралы» Заңға сәйкес БАҚ-тың, оның ішінде жазбаша және (немесе) электрондық құжат түрінде берілген, берілген ресми хабарларды түсіндіру жөніндегі сұрау салулар бас редактордың (редактордың), уәкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолымен жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Егер жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, оның ішінде БАҚ сұраулары электрондық түрде жасалса, онда олар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
Ортсайлауком «Ауыл» партиясының тізімін тіркеді
2020 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды ұсынды.
Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуға; Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 10 жыл тұруға; 25 жастан кіші болмауға; белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес бір саяси партиядан тізімге енгізілген адамдардың саны саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санынан отыз пайызға аспайтын бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі.
Партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімінде 19 адам бар. 4 әйел және жиырма тоғыз жасқа толмаған 2 адам енгізілген, бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,5 пайызын құрайды.
Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге
енгізілген адамдардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді.
Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар конституцияның және сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.
Осыған байланысты Ортсайлауком мүшелері «2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады.