jasqazaq.kz

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

23 қараша 2020, 16:58

Батыс Қазақстан облысында 81 баланың коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, соның ішінде 72-сі – мектеп оқушылары, 9-ы – балабақша тәрбиеленушілері, екеуі – колледж студенттері. Солардың ішінде 24-і жазылып шығып, сабақтарын жалғастыруда. Ауырғандардың басым көпшілігі – қашықтан оқитындар. Аз бөлігі штаттық режимде жұмыс жасайтын мектепте білім алады. С.Темірғалиеваның сөзіне қарағанда, облыста 379 мемлекеттік мектеп болса, соның 251-і штаттық, 128-і қашықтан жұмыс жасайды. Оқушылар саны 111 мыңнан астам болса, соның 20 пайызы (22868) штаттық режимде, 48 пайызы (53640) қашықтан оқытылуда. Облыста бастауыш сынып шәкірттерінің 57 пайызы (34684), мектепалды даярлық сыныптарының 54 пайызы (4286) кезекші сыныптармен қамтылған. Қашықтан оқитындардың 17959-ы қайтарымды негізде мектептер балансындағы компьютерлермен қамтылды. Бірінші кезекте компьютерлермен және интернетпен жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтамасыз етілді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде