jasqazaq.kz

Атырау тұрғыны 625 келі бекіремен ұсталды

14 қазан 2020, 18:14

Атырауда 31 жастағы тұрғын 625 келі бекіремен ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері аса ірі мөлшерде бекіре балығын тәркіледі. «14 қазанға қараған түні Жайық өзенінің Дамба ауылы тұсында бірінші өзекте тәртіп сақшылары «Yamaha» аспалы моторы бар қайықты тоқтатты. Қайықтан жалпы салмағы 625 келі болатын бекіре тұқымдас балықтардың 238 данасы табылды. Осы дерекке байланысты Жаңаталап елді мекенінің 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабымен (Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде