jasqazaq.kz

Әйелінің бетін тілгілеп тастаған ақтөбелік сотталды

07 қазан 2020, 14:18

Ақтөбеде сотталушы С.Бекеновке қатысты қылмыстық іс аяқталды. Сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

№2 Ақтөбе қалалық сотында сотталушы С.Бекеновке қатысты қылмыстық істің үкімі оқылды. Әйелінің бетін тілгілеп тастаған ақтөбелік Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпты деп танылды.

«С.Бекенов Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін», — деді судья Жанат Қуанышов.

Айта кетейік, сотталушы С.Бекеновтың кінәсі толық дәлелденді. №2 қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленуші сотталушыны бас бостандығынан айырмауды сұраған. Дегенмен сот қылмыстық істің ауыр, қоғам үшін қауіпті екенін назарға алды. Сот үкімі күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде