jasqazaq.kz

Бішкекте митинг өтіп жатыр (видео)

05 қазан 2020, 15:36


Өткен жексенбіде Бішкекте Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауы өтті. Дүйсенбіде жеңілген партиялардың өкілдері Ала-Тоо  алаңына жиналды.

Алдын ала нәтижелер бойынша, төрт партия 7 пайыздық межені еңсеріп, Парламентке өтті.

Бірлік партиясы — 24,53%;
Мекенім Қырғызстаным — 23,9%;
«Қырғызстан» — 8,74%;
Бүтін Қырғызстан — 7,09%.

Дүйсенбіде жеңіліске ұшыраған партиялардың өкілдері митинг өткізді. Акцияға қатысушылар саны мыңға жетті деп хабарланды. «Қырғызстан социал-демократтары», «Мекенчіл», «Реформа», «Чон Казат», сондай-ақ «Мекен Ынтымагы» партияларының жақтаушылары мен кандидаттары келді.

— Бүгін біз мерзімсіз наразылық акциясын жариялаймыз. Қажет болса, біз де осында түнейміз, — деді «Мекенчіл» партиясының өкілі Мелис Аспеков.
Наразы топ сайлау нәтижелерімен келіспейтіндіктерін айтты. Олар жеңіске жеткен партиялар сайлаушыларды жаппай сайлау учаскелеріне апарып, дауыстарды сатып алды деп санайды.

Митинг төбелеске ұласып кете жаздады.

 zakon.kz.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде