jasqazaq.kz

Алматыда 7 оқушыдан коронавирус анықталды

05 қазан 2020, 12:38

Алматыда қыркүйек айында мектеп оқушылары арасында коронавирустың 7 жағдайы тіркелді.

Бұл туралы Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің мәлімдемесінде айтылды.

«Олардың барлығы қашықтан оқыту кезінде ауруға шалдыққан. Балалар бір-бірімен тікелей қатынаста болғандығы анықталды. Эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде 4 оқушының инфекцияны ауру туыстарынан жұқтырғаны анықталды. 2 оқушы медициналық мекемелерге ЖРВИ белгілерімен барған кезде анықталды. 1 оқушы — бронх демікпесінен санаторий-курорттық емделу алдында профилактикалық тексеруден өтер кезде табылды», — делінген мәлімдемеде.

Ал, мектепке дейінгі балалар арасында коронавирус ауруы болған жоқ. Мектеп оқушылары мен Алматы қаласы тұрғындары арасында коронавирустың таралуын болдырмау үшін мектеп оқушылары үшін қашықтықтан оқыту форматы енгізілді. Сонымен қатар ата-аналары қадағалауға мүмкіндігі жоқ балалар үшін 178 мектепте 11942 оқушыға арналған 917 кезекші сынып ашылды. Мұнда барлық профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып білім алуға жағдай жасалды (9,8% бастауыш сынып оқушылары). Сондай-ақ, оқушылар саны аз 10 мектеп пен 8 мектеп-интернат қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Оқу басталғанға дейін арнайы мобильдік топтар білім беру объектілеріне дайындық актілері берілді. Тексерулер кезінде анықталған карантиндік режимнің бұзылуымен байланысты кемшіліктер, сабақ басталғанға дейін жойылды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде