jasqazaq.kz

Шымкентте түрме бастығына пара ұсынған әйел ұсталды

01 қазан 2020, 16:10

Шымкентте Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/11 мекемесінің бастығына пара бермек болған әйел ұсталды.

Қылмыс үстінде қолға түскен әйел мұндай жағдайға не себепті барғаны да белгілі болды. Ол түрме басшылығынан істі болып, сотталған азаматтық некедегі жұбайының жазасын жеңілдетуін әрі оң көзқарас танытуын сұрап, 1 мың 500 АҚШ долларын сыйақы ретінде ұсынған. Қазір әйелге қатысты тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Әділбек Досмағамбетов, қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:

— Бұл жайтқа қатысты қалалық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі тергеу бөлімі мен сотталған жұбайы мен пара берген азаматша қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мұнда осы істің басты фигуранты болып, әйелдің істі болып сотталған азаматтық некедегі жұбайы тұр. Себебі ол әйеліне параны кімге қалай беруді ұйымдастырған болып табылады. Жұбайы да осы қылмыстық іске тікелей қатысы бар.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде