jasqazaq.kz

Маска тағу тәртібін бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынады

01 қазан 2020, 15:44

Air Astana жолаушылардан бүкіл рейс бойы масканы тағып, оны тек тамақтанған кезде шешуге міндетті екенін тағы да ескертеді. Бұл көлік жөніндегі бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген. Маска тағу тәртібін және басқа карантиндік талаптарды бұзушылар одан әрі әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына тапсырылады. Соңғы 4 айда маска тағу тәртібін бұзғаны үшін 17 жолаушыға жалпы алғанда 1 416 780 теңгеге айыппұл салынды. Айыппұл мөлшері — 30 АЕК (83 340 теңге). Сонымен қатар, жолаушылар өздерінің іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеуге міндетті. Маска тағу тәртібін сақтамау салдарынан рейстің кешігуі немесе жоспардан тыс қону әуе компаниясына он мың АҚШ долларына шығын келтіруі мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде