jasqazaq.kz

Көшеде ер адам төрт баланың анасын зорлағысы келген (видео)

29 қыркүйек 2020, 11:42


Шымкентте көшеде ер адам төрт баланың анасын ұрып, зорлық жасағысы келген. Бұл туралы «Отырар» басылымына сілтеме жасап
Tengrinews.kz хабарлайды.

Шәмші Қалдаяқов көшесінің қиылысымен Абай даңғылының бойындағы үйіне қайтып келе жатқан әйелге белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол келіншекті ұрып, адам жоқ жерге алып барған. Жыныстық сипаттағы әркеттер көрсетіп, телефоны мен жүзігін тартып алған. 35 жастағы әйел қарсылық білдіріп, көмекке шақырған.

Жарақат алған әйел аурухананың кіреберісінде түсініктеме берді.

«Кешке жұмыстан қайтып жатқам, белгісіз біреу қолымнан ұстап, стендке қарай сүйреп апарды. Тұншықтырды. Ол менің сақинам мен әмиянымды, телефонымды тартып алды», — деді зардап шеккен әйел.

Араға жарты сағат салып, Абай ауданының патрульдік полиция полкінің қызметкері зардап шегушінің сипаттамасына сай келетін адамды қолға түсірді. Тексеру кезінде 38 жастағы тұрғынның қалтасынан алтын сақина мен зардап шеккен адам көрсеткен ақша табылды.

Күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Ол өзінің кінәсіз екенін айтып, керісінше, әйелге ақша бергенін мәлімдеді.

«Ол маған неке сақинасын берді. Мен телефонды алмадым. Мен дүкенге нан алғалы барғам. Әйел шығып «кешіріңіз, сіз көмектесе алмайсыз ба» араққа ақша жеткіліксіз деді де, сексуалдық сипаттағы қызмет ұсынды. Мен қалтамдағы бар ақшамды бердім», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде