jasqazaq.kz

Павлодар облысында 9 оқушыдан коронавирус анықталды

28 қыркүйек 2020, 10:06

Павлодар облысында тоғыз мектеп оқушысынан коронавирус анықталды. Оның төртеуі мектепке барып оқыған, — деп хабарлайды Irbistv.kz.

Шарбақты ауданындағы Алексеев орта мектебінде бастапқыда бір мектеп оқушысынан коронавирус анықталған. Оқушы науқаспен байланыста болған адам қатарында екен. Санитар дәрігерлер оқушымен 44 адам байланыста болғанын хабарлады, нәтижесінде тағы үш оқушыдан COVID-19 анықталған. Бәрінде ауру симптомсыз өткен.

«Баланың жағдайы қанағаттанарлық, ешқанда шағымы жоқ, ауру симптомсыз өтіп жатыр. 16 қыркүйектен бастап ол мектепке баруын тоқтатқан, қазір үйдегі карантинде жатыр. Мектеп бойынша жедел тергеу басталды, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мектепті жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жасау жоспарланды. Ол әлі де жалғасып жатыр», — дейді Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев.

Алексеев мектебі белгісіз уақытқа жабылды. Шешім эпиджағдайға байланысты қабылданады.

Сондай-ақ, санитарлық дәрігер ауданда тағы бес баладан коронавирус анықталғанын хабарлады — үш жағдай павлодарлық мектептерде, біреуі Ақсуда және тағы біреуі ауданда. Бұл оқушылар қашықтан оқыған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде