
Сенбі күні таңертең Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында бортында жолаушылар болған тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы «Пэнпай» басылымына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Оқиға Сычуань провинциясының АБА-Тибет-Цян автономиялық округінің Хэйшуй уезіндегі таулы жерде болған. Жергілікті куәгерлердің айтуынша, тікұшақ жолаушыларының арасында жарақат алғандар бар.
«Пэнпай» жазғандай, полиция тікұшақпен болған төтенше жағдайды растады. Апаттың себептері анықталуда.