
Танымал қазақстандық спортшы Қуат «Найман» Хамитов 25 қыркүйек, жұмада Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Найман ресейлік Ахмадхан Боковпен кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Қазақстандық қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.
Бастапқыда Хамитовтың қарсыласы басқа ресейлік спортшы Олег Косинов болуы керек еді, бірақ жекпе-жекке бір күн қалғанда қазақстандықтың қарсыласы өзгеріп, Ахмадхан Боковпен шығатын болды.
32 жастағы Қуат Хамитов үшін бұл өткен жылдың сәуірінен бергі алғашқы жекпе-жек. Бұл ретте қазақстандық соңғы рет 2016 жылдың желтоқсанында жеңіске жеткен.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде қазақстандық Арман Сапаров ресейлік Магомедшапи Гасайниевтен жеңілген болатын. Жекпе-жек бірінші минутта аяқталды.
Fight Nights Global 98 турнирі «Хабар» және «Боец» телеарналарында көрсетілді.
https://youtu.be/OOyclplM1fI