jasqazaq.kz

Үш адамды пышақтады деген күдікті ұсталды

22 қыркүйек 2020, 11:32

Нұр-Сұлтанда ер адам бірден үш адамды пышақтап кеткен. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Полиция мәліметінше, ер адамдар ішімдік ішкен. Содан біріне досының ұлымен сөйлескені ұнамаған. Салдарынан досымен сөзге келіп, оған үш рет пышақ салған.

Пәтерден шыққан бетте ол көршісімен соқтығысып, қылмыс орнынан тезірек жасырынғысы келіп, көршісіне де пышақ салған. Артынша оның әйелін де пышақпен жарақаттаған.

«Полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған күдіктіге қылмыс орнынан жасырынуға жол бермей, оны 15 минут ішінде ұстады. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған ер адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша бұрын сотталғаны анықталды», — деді полициядағылар.

Ведомство мәліметінше, күдікті тергеу изоляторына қамалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде