
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүзеге асырған «Жусан» арнайы операциясы барысында елге қайтарылған қыз-келіншектер енді Абайдың 175 жылдығына орай, ұлы ақынның өлеңдерін оқитын челленджге қатысты. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.
«Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Қазақстанға 163 әйел оралған болатын. Бүгінде олардың 144-і радикалды діни көзқарастарынан бас тартты. Теологиялық оңалту жұмыстарына тартылып, жұмысқа орналасқандары да көп.
Теріс діни ағымның жетегіне кете жаздаған ақтөбелік әйелдер енді түзеліп, өркениетті қоғамда өмір сүруге қайта бейімделген екен.