jasqazaq.kz

Бес ай бойы 16 жастағы қызды алдап жезөкшелікке салған

21 қыркүйек 2020, 12:02

Креминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев Алматыда кәмелет жасына толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілердің ұсталғаны туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Думан Таев Алматыда орын алған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ол 16 жасар қызды алдау арқылы, желіде оның көрсететін қызметтерін жариялап, қызды сатқан.

«Алматыда бес ай бойы 16 жастағы қызды алдау арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Күдіктілер қыз туралы барлық ақпаратты желілерде жариялап, қандай қызмет көрсететіні туралы жазып отырған. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 134 бабының «Кәмелет жасына толмағандарды жезөкшелікке тарту» бойынша қылмыстық іс қозғалды», — дейді Таев.

Сонымен қатар, мұндай жағдай Қызылорда облысында да тіркелген.

«Қызылорда облысында бір апта бойы сексуалды эксплуатация жасау үшін келіншекті пәтерде ұстаған екі ер адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендерге арнайы мамандар қолдау көрсетіп жатыр», — дейді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде