
Елорданың полиция қызметкерлері банк клиентінің шотынан ақшаның жымқырылуына байланысты тергеу амалдарын бастады.
«Тергеу амалдары барысында полиция қызметкерлері банк менеджерінің өз қызметін пайдаланып, бірнеше ай бойы әртүрлі банктік операциялары арқылы клиенттерге тиісті ақшаны алып отырғанын анықтады. Менеджердің әрекетінен 7 адам зардап шекті. Олардан 297 мың теңге ақша жымқырылған», — деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Қызметін асыра пайдаланған әйел жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚазАқпарат