
Қарағанды полицейлері 35 адамды алдаған алаяқ әйелді ұстады.
Маусым айында Қарағанды қаласының тұрғыны пәтер жалдау жөніндегі хабарлама бойынша белгісіз әйелмен телефон арқылы келіскен. Ол алдын ала 20 мың теңге аударған, бірақ жалға беруші ақшаны алсымен байланысқа шықпаған. Осыған ұқсас арыздармен қала полициясына бірнеше адам жүгінген. Пәтерді жалға беру немесе жиһаз сату бойынша өзінің абоненттік нөмірлерін көрсетіп, интернетке хабарламалар берген, алайда кепілақыны алсымен арызданушыларды алдаған 27 жастағы Қарағанды облысының тұрғыны 8 қыркүйек күні ұсталып, қамауға алынды.
«Тергеу барысында белгілі болғандай, әйелдің алаяқтық қақпанына 35 адам түскен. Олардың ішінде біздің қаламыздың ғана емес, Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары да бар. Жәбірленушілерге келтіріген зиянның жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрады. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасының ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды», – деді Қарағанды қаласы ПБ бастығы Думан Қожахметов.
Polisia.kz