jasqazaq.kz

Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды

09 қыркүйек 2020, 12:40

Премьер-министр Асқар Мамин коронавирустың жаңа толқыны болған жағдайда дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының тапшылығы болмайды деп уәде берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

«Науқастар санын азайту, емдеу тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылданды. Ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жедел жәрдем автомашиналары, барлық қажет жабдықтар сатып алынады. Жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектер қоры құрылды. Тапшылық болмайды.

Сонымен қатар, тамыз айынан бастап тұрғындар вирустық инфекцияны амбулаториялық деңгейде емдеу үшін тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. ПТР тестілеу мүмкіндігі артты. Сатып алу бойынша келіссөздер жүргізілді, сондай-ақ өз вакцинасын өндіру бойынша жұмыс ұйымдастырылды», — деді Мамин Үкімет отырысында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде