
Әзербайжан президентінің аттасы даудың ортасында қалды. Бұрынғы депутат карантинге қарамастан қызын ұзатқаны үшін жазаға тартылды.
Даулы салтанатты рәсім 18 тамыз күні өткен. Өз балаларының тойын Әзербайжан парламентінің экс-депутаты Ильхам Алиев пен құдасы Ровшан Мұстафаев атап өтпек болған деп жазады Qazet.az. Нәтижесінде әзербайжандық сот карантин режимін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Екеуі де 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 6 қыркүйек күні олардың қамауға алынған уақыты аяқталып, Алиев пен Мұстафаев бостандыққа шықты. Алиев тұтқынға алынған соң өзімен аттас президенттен және Әзербжан президентінің бірінші вице-президентінен, сондай-ақ, күллі халықтан кешірім сұрады.
https://youtu.be/POWJ-jETDUo
NUR.KZ