jasqazaq.kz

Коронавирус жұқтырған 171 науқастың жағдайы ауыр

03 қыркүйек 2020, 10:49

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6 459 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 196 науқас жатыр. 3 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат көздерінде жедел жарияланады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді