jasqazaq.kz

Алматы зообағы қайтадан ашылды

30 тамыз 2020, 13:07

Коронавирусқа байланысты наурыз айынан бері жұмысын тоқтатқан Алматыдағы зообақ жұмысын қайтадан бастайды.

«29 тамыздан бастап ұзақ үзілістен кейін хайуанаттар бағы жұмысын қайта бастайды. Қайта ашылған күннен бастап адамдар келе бастады. Келушілерді зообақ аумағына сақтық шараларын сақтай отырып кіргізеді. Маска, қолғап кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау ережелері әлі де өз күшінде», — дейді зообақ қызметшісі Михаил Сорокоумов. Зообақтың кіреберісінде дезинфекциялау заттары, антисептиктер орналасқан бөлме бар, сондай-ақ келушілердің арақашықтығын сақтайтын белгілер де орнатылған.

Еске сала кетсек, Алматы зообағы карантин кезінде онлайн режимде жұмыс істеді. Зообақ қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы ондағы жан-жануарлар карантин режимінде қалай өмір сүріп жатқандығы туралы айтып отырды. Бір айға жуық уақыт ішінде зообақ қызметшілері ұйымдастырған тікелей эфирді жарты миллионнан астам адам көрген.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде