
Оралда қолдан жасалған ұшу аппараты құлады.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 тамыз күні сағат 08.30-да 2-саяжай «Казинское» саяжай қоғамы маңында орын алды. Оқиға орнында ұшақ иесі, 1951 жылғы азамат қаза тапты. Қазіргі кезде келеңсіз жағдайдың жай-жапсары анықталу үстінде.
ҚазАқпарат