jasqazaq.kz

Алматыда прокурор мен банктің бұрынғы қызметкері сотқа тартылды

27 тамыз 2020, 16:46

Алматыда қызды топ болып зорлағандардың арасында прокурор мен банктің бұрынғы басшысы да болған. Бұл туралы Қазақстандағы әйелдерге қатысты жыныстық зорлық-зомбылық проблемаларына арналған баспасөз конференциясында белгілі болды.

Оқиға 2019 жылдың қараша айында болған. Қылмыстық іс Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында бірден екі бап бойынша қаралуда. Зорлау ісінің мән-жайы туралы адвокат Жанна Оразбахова айтып берді, деп хабарлайды BaigeNews.kz.

— Қызды «оңаша болайық» деп бір жігіт алдап пәтерге әкеледі. Алайда, пәтерде арақ ішкен бір топ еркек отырған. Қыз кері кетпек болып әрекеттенген. Бірақ онысынан түк шықпаған. Оны ертіп әкелген жігіт лаң шығарып, қызға қол жұмсайды, оған мас еркектер де қосыла кеткен. Одан соң қызды жатын бөлмеге апарып, екі еркек ойына келгенін істеп, оны таңғы алтыға дейін зорлаған. Осыған байланысты қылмыстық іс сотқа екі бап бойынша жіберілді: 120-бап,»Алдын ала келісу арқылы топтық зорлау», сондай-ақ 121-бап, «Топ адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері», — деді қорғаушы.
Адвокат бастапқыда полиция қылмыстық істі тіркемей қойғанын, тек адвокаттар араласқаннан кейін ғана іс тіркелгенін атап өтті. Жәбірленушіге қысым да көрсетілген.

«Кейін белгілі болғандай, күдіктілердің бірі — прокуратура қызметкері, тағы бірі — екінші деңгейдегі банктің топ-менеджері болып шыққан», — деді Жанна Оразбахова.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде