jasqazaq.kz

Роналдиньо 5 айдан кейін қамаудан босатылды

25 тамыз 2020, 11:37

Парагвайда танымал бразилиялық футболшы Роналдиньо мен оның ағасы қамаудан босатылды. Бұл туралы  РИА Новости хабарлайды.

Франс Пресс агенттігінің мәліметінше, сот отырысы дүйсенбіде өткен. Роналдиньо 90 мың доллар, ал оның ағасы Роберто де Ассис Морейра 110 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуі керек.

«Әрбір 3 ай сайын футболшы мен оны ағасы Бразилия сотына барып тұруы қажет. Роналдиньо бір жыл, ағасы 2 жыл бақылауда болады. Спортшының жүріп-тұруына шектеу қойылмаған. Алайда ол тұрғылықты мекенжайын өзгертсе, оны сотқа ескертуі керек», — деп жазады басылым.

Айта кетейік, 7 наурызда Роналдиньо мен оның ағасы Парагвайда ұсталған еді. Оларға жалған паспорт жасады деген айып тағылған болатын. Осы жылдың сәуірінде сот отырысы басталып, судья Густаво Амарилья Роналдиньоны 1,6 миллион доллар кепілдікпен босатты. Осыдан бері ол ағасымен бірге Асунсьон орталығындағы қонақүйде болды

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде