jasqazaq.kz

Жасөсіпірімдер TikTok-тағы қыз үшін төбелесіп, пышақтасқан

19 тамыз 2020, 17:51

Таразда TikTok-дағы видеоның кесірінен жасөспірімдер төбелесіп, пышақтасқан. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды.

15 тамызда 15 және 17 жастағы екі жасөспірім арасында жанжал туындады. Полицейлердің анықтауы бойынша, жанжалға жігіт пен қыздың қатысуымен түсірілген видео түрткі болған. Дүрдараз екеуді ажыратпақ болған үшінші жасөсіпірмге пышақ тиген. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Жәбірленуші жанжалды шығарған баланың пышақ сілтегенін, одан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткенін айтты. Бұл факті Тараз қаласының полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі, яғни «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы Тараз қаласының 15 жастағы тұрғынын ұстап, болған оқиғаға қатысты барлық қажетті шараларды қабылдауда, соның нәтижесі бойынша алдын-алу шарасын таңдау мәселесі шешілетін болады, деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде