jasqazaq.kz

Үндістандағы көшкін 58 адамның өмірін қиып кетті

17 тамыз 2020, 13:01

Үндістанның оңтүстіктегі Керала штатында көшкіннен қаза тапқандар саны тамыздың басынан бері 58 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Hindu газетіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, өткен тәулікте муссон жаңбырынан болған көшкін ең көп зардап шеккен Муннар ауданында тағы да қайталанған. Кем дегенде 2 адам мерт болып, 12 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен, 100-ге жуық адам баспанасыз қалды. Негізінен көшкін құрбаны болғандар – шай өсіру плантацияларының жұмысшылары. Өңірде құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, оның жүргізілуіне нөсер жаңбыр мен қатты тұман кедергі келтіруде. Керала үкіметінің бас министрі Пинарайи Виджаян мәлім еткендей, билік зардап шеккендерге қаржылық қолдау көрсетіп, көшкін салдарынан қираған елді мекендердің тұрғындарына уақытша лагерьлер ашқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде