jasqazaq.kz

Сайрамда келін түсіріп, қыз ұзатқандар анықталды

27 шiлде 2020, 11:25

Сайрамдық полицейлер карантин кезінде қонақтар шақырып, той өткізіп жатқан тұрғындарды анықтады.

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарының сақталып, оның орындалуы барысында қарқынды жұмыс жүргізуде. Осындай кезекті жұмыс күнінде Сайрам АПБ-не Манкент ауылындағы тұрғынның бірі өз үйінде 50-ден астам азаматтарды жинап, келін түсіру тойын өткізіп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Ақпарат алысымен аталмыш мекен-жайға аудандық полицейлер мен әкімдік қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ тез арада жетіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер ығы-жығы адам жиналған тойды тоқтатты. Карантин талаптарын сақтамай, өрескел құқық бұзғаны үшін той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы» хаттама толтырылды.

Жинақталған ақпараттар шешім қабылдау үшін тиісті органға жіберілді. Ауданда осыған ұқсас тағы екі жайт тіркелді. Оның бірінде жергілікті тұрғын өз үйіне 20-дан астам адам жинап, келін түсірген. Ал келесі тұрғын 15-тен астам адам жинап, қыз ұзату тойын өткізген. Бұл екі жайтта да мобильдік топ шұғыл жетіп, адамдардың көптеп шоғырлануына жол бермей, той-жиындарды тоқтатқан.

Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде