jasqazaq.kz

Қостанайда полиция көлігімен болған жол апатының видеосы жарияланды

26 шiлде 2020, 15:34

Қостанай облысының полиция департаменті қызметтік көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының видеосын жариялады.

Кеше Қостанай облысында полицияның патруль автокөлігі «ВАЗ 2115» маркалы көлікпен соқтығысқан болатын. 4 жасар бала оқиға орнында қаза тапты.

«Қазір жол апаты бойынша қызметтік тексеру жүріп жатыр. Патруль көлігі жол үстінде дабыл белгісін қосып жүрген. Полиция жол апаты болған жерде орналасқан «Арагви» дәмханасының бейнебақылау камерасы арқылы оқиғаны зерттеп жатыр», — дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі маманы Кенже Қонысбай.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ 2115» автокөлігіндегі 12 жасар жеткіншектің жарақат алғаны белгілі болды. Сонымен қатар тағы бір жолаушы медициналық көмекке жүгінді.

https://youtu.be/X1vORT86Ajs

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде