jasqazaq.kz

Шыңжанда коронавирус жұқтырғандар саны артуда

25 шiлде 2020, 12:17

Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде COVID-19 жаңа коронавирусын жұқтырғандар саны 115-ке жетті. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Өткен тәулікте өлкеде Шыңжан өндірістік-құрылыс корпусын қосқанда (ШӨҚК) 20 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді. Жалпы 2020 жылдың 24 шілдесі 24.00-дегі мәлімет бойынша, Шыңжанда 115 инфекцияға шалдығу оқиғасы (оның 113-і — Үрімжіде, біреуі — Қашқарда және тағы бірі — ШӨҚК-де), сонымен қатар 114 симптомсыз вирус тасылмалдаушылар анықталған (барлығы Үрімжіде). 7 мыңнан аса адам медицина қызметкерлерінің бақылауында» делінген комитеттің ақпарат бюллетенінде. Бұған дейін Үрімжі қаласының екі ауданы эпидемиялогиялық қауіп дәрежесі жоғары елдімекендер деп жарияланған. Еске сала кетсек, Шыңжанда COVID-19 вирусы тарай бастаған сәттен кейін 149 күн бойы коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелмеді. Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданындағы ең алғашқы инфекцияға шалдығу оқиғасы 23 қаңтар күні анықталған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде