jasqazaq.kz

Министр Сәтбаев пен Шорнақтағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді

24 шiлде 2020, 11:51

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаев пен Түркістан облысындағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді.

Осыған дейін Түркістан облысында Шорнақ ауылында тұрғындар арасында жанжал туындағаны хабарланған еді.

«Елімізде екі оқиға болды. Ең алдымен, Түркістан облысы Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болды. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, нәтижесінде 1 учаскелік инспектор мен 3 тұрғын жарақат алды. Оқиға орнына дереу жеткен полиция учаскелік инспекторы жарақат алғанына қарамастан, заңбұзушылықтың жолын кесті», — деді министр.

Тұрғымбаевтың айтуынша, жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысқан 4 азамат анықталып, ұсталды.

«Қазіргі кезде жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жумыстары жүргізілуде. Бірақ арандатушылар, әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпараттар таратқан. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Бұл үшін, Заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін», — деді ол.

Министрдің сөзінше, ауылдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері өз жұмысын күшейткен. Қазір жағдай тұрақты.

Сонымен қатар, Тұрғымбаев Сәтбаевта болып жатқан қақтығысқа қатысты түсінік берді.

«23 шілде күні кешкі сағат 9-да Сатпаев қаласының Ішкі істер басқармасына, 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Дереу іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етті, жанжал шығарды. Бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты», — дейді министр.

ІІМ басшысы тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылып, жағдай бақылауға алынғанын айтты.

«Бұл оқиға бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды», — деді Тұрғымбаев.

Министр халықты әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды! Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқандарға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде