jasqazaq.kz

Әзірбайжан мен Армения шекарасында атыс қайта басталды

16 шiлде 2020, 16:44

Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Армениямен шекарадағы Товуз бағытында атыс қайта басталғанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, Армения қарулы күштері елді мекендерге оқ жаудырып жатыр, — деп хабарлайды РИА Новости.

«16 шілдеде таңертең Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Әзірбайжан-Армения шекарасындағы Товуз аймағында біздің позицияларымызға шабуыл жасауға тағы бір әрекет жасады. Сонымен қатар, Агдам, Дондар Гушчу және Вахидли ауылдарына ірі калибрлі қарулар мен минометтер атылды. Бейбіт тұрғындар арасында ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта бұл бағытта ұрыс жүріп жатыр, жедел жағдай біздің әскерлеріміздің бақылауында. Халыққа қосымша ақпарат беріледі», — деді Әзірбайжан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі, полковник Вагиф Даргяхлы.

Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян Facebook желісінде Әзірбайжанмен шекарада орналасқан армениялық Айгепар ауылына жасалған соққылардың суреттері мен видеоларын жариялады.

Бейнежазбада ауылдан шыққан түтінді көруге болады, ол атыс нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Бұған дейін Армения қорғаныс министрлігі Армения-Әзірбайжан шекарасында қақтығыстардың қайта басталғанын мәлімдеген болатын. Олардың айтуынша, әзербайжандық бөлімшелер Д-30 гаубицасын қолдана отырып, Айгепар және Мовсес ауылдарын атқылаған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде