
Air Astana әуе компаниясы 2020 жылғы 1 шілдеден Қазақстан қалаларына дәрі-дәрмек пен медицинаға арналған тауарларды тасымалдауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Қызылорда, Атырау, Орал, Ақтау және Ақтөбе қалаларының әуежайларында орналасқан кеңселерінде қабылдай бастады.
Тасымалға 3 кг-ға дейін мынадай жеткізілім түрлері қабылданады:
бетперде, қолғап, қорғаныш киімі;
өндіруші зауыттың қаптамасындағы құрғақ дәрі-дәрмек;
өндіруші зауыттың қаптамасындағы, сыртынан қосымша полиэтилен пакетке оралған ампулалар;
таңып-байлау материалдары (бинт, бұласыр);
өндіруші зауыттың қаптамасындағы шприц, системалар.
Тауарды жөнелтер алдында фискалдық чек пен препараттардың атауы жазылған электрондық фактура-шотты көрсету керек болады.
Сұйық күйдегі дәрі-дәрмектерді, биоүлгілерді, зертханалық талдауларды, температуралық тәртіпті талап ететін, сондай-ақ хладагентпен қапталған дәрі-дәрмектерді тасымалдауға тыйым салынады.