jasqazaq.kz

Бозбалалар арасындағы төбелес жаға ұстатты (видео)

15 шiлде 2020, 10:13

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тараған мына видеоның Павлодар облысында түсірілген. Мұны, полиция департаменті растап отыр. Санаулы уақытта ғаламторға таралып кеткен видеода жантүршігерлік төбелес бейнеленген. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Бұл, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Әсіресе, кадр сыртындағы біреудің «өлтір» деп айқайлағаны жағаны ұстатты. Видеоны соңына дейін қарап шығу мүмкін емес. Қатыгездік басым.

Фархад МҰРАТБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Видео арқылы төбелеске қатысушылардың жеке басын анықтадық. Оқиға шілденің 7-нде болған. 18-19 жастағы бозбалалар. Зардап шеккен бала полицияға шағымданбапты. Дәрігерге де бармаған.

Жерде жатқанды аяусыз ұрған баланың үстінен іс қозғалды. «Адам өлтірмек болды», деген айып тағылды. Сыртта тұрып қолдау көрсеткен бозбалалар да жауапқа тартылды. Қылмыстық іс сондай ақ видеоны түсірген жасөспірімге қатысты да қозғалып отыр. Сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде