jasqazaq.kz

Жан сақтау бөлімінің меңгерушісі дәрі сатқан

11 шiлде 2020, 12:30

Алматы облысы аудандарының біріндегі ауруханада халыққа тапшы дәріні жан сақтау бөлімінің меңгерушісі сатқаны үшін ұсталды.

Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат келіп түсті. Осыдан кейін дәрігер Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды.

Жеке тексеру барысында Севофлуран, Цефтриаксон, Меобактрин, Альбунорм, Неоцитотект, Октагам, Архимакс, Меропенем, Годовист және Пропофол сияқты 90 шиша дәрі алынды.

Сонымен қатар, іздестіру шаралары кезінде дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден түскен қаражаты 1 млн 370 мың теңге болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде